Железиндіктерге алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары айтылды
Халықпен кездесуді ішкі істер органдарының қызметкерлері ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Полицейлер железиндіктерге полиция бөлімінде ауыл тұрғындарына қатысты алаяқтық фактілері тіркелгенін, бірнеше адам оларға алаяқтық жолмен ресімделген банктік несиелерді төлеуге мәжбүр болғанын, өйткені банктен белгілі бір адамның несие алғаны туралы дәлелдері бар екенін және «қарыз алушының» өзі басқаша дәлелдей алмайтынын хабарлады.
– Алаяқтар құрбандарды өз кодтарын және басқа да жеке мәліметтерін жіберуге көндіре алады. Өкінішке қарай, барлық жерде полицейлерде шақыру түскен телефонды бақылауға мүмкіндік беретін техника жоқ. Әдетте, қаскүнемдер ақша алғаннан кейін sim-карталарды тіпті, телефондарды тез арада жоғалтады, - деді тәртіп сақшылары.
Полицейлер ауыл тұрғындарына банктен қоңырау түскен кезде не іздеу керектігін, алаяқты қалай анықтау керектігін айтты. Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларға енді EGOV mobile мобильдік қосымшасы арқылы әрбір қазақстандық өз атына кредиттер мен микроқарыздарды ресімдеуге тыйым сала алатынын, бірақ егер адам өзі кредит алғысы келсе, ол бұл тыйымды оңай алып тастай алатынын жеткізді.