Жұма күні Павлодар облысында жаңбыр жауады

Жұма күні Павлодар облысында жаңбыр жауады

Әрі найзағай ойнап, жел соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, таңертең және күндіз жаңбыр мен бұршақ жауып, күн күркірейді. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 3-4, екпіні 10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 18-21, күндіз 23-27  градус ыстық болады.

Ал Павлодар қаласында күн бұлтты болып, жауын-шашынды  күтіледі.  Ауа тепмературасы кешкілікте +20...+22°C дейін төмендейді. Шық нүктесі +17,76°C.

Синоптиктер тұрғындарға сыртқа шыққан жағдайда өзімен бірге қолшатыр алып, барынша ауа райына сай киінуді ескертеді.