Қытайда химиялық зауытта жойқын жарылыс болды

Қытайда химиялық зауытта жойқын жарылыс болды

Бұл оқиға Цзянси провинциясында орын алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қытай орталық телеарнасы Цзянси провинциясында Jiangxi Qiantai New Material Co Ltd химиялық зауытында шыққан өрттен жарылыс болғаны туралы хабарлады. Өрттің шығуына майдың жануы себеп болған. Хабарлама жергілікті уақыт бойынша 10:30-да (Астана уақыты бойынша 9:30) түскен.

Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық қызметкер эвакуацияланғаны айтылды. Соңғы мәлімет бойынша, жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.