Қытайда Қазақстан қоржынына таеквондодан екінші медаль түсті

Қытайда Қазақстан қоржынына таеквондодан екінші медаль түсті

Уси қаласында әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл жүлдені 49 келіде ел намысын қорғаған Айдана Құмартаева еншіледі. Отандасымыз жартылай финалда Түркия спортшысына есе жіберді.

Айта кетейік, осыған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Нодира Ахмедова тағы бір қола жүлдені жеңіп алған болатын. Дүбірлі дода 30 қазанда мәресіне жетеді.