Қостанайда өткен ҚР чемпионатында павлодарлық спортшы алтын медаль иеленді

Қостанайда өткен ҚР чемпионатында павлодарлық спортшы алтын медаль иеленді
Фото: pexels.com / Pavel Danilyuk

Мәнерлеп сырғанаудан өткен жарыс үлкен және орта жастағы жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Мәнерлеп сырғанау федерациясының мәліметінше, өңір намысын үш спортшы қорғады: 2-ші спорттық разряд бойынша Ансар Төлегенов, 1-ші жасөспірімдік разряд бойынша Вера Галле және 1-ші спорттық разряд бойынша Мария Санникова. Мария Санникова алтын медальға ие болып, керемет нәтиже көрсетті.

Ведомство Қостанай облысының Мәнерлеп сырғанау федерациясына, сондай-ақ жарыстың демеушілеріне жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, балаларға сыйлықтар бергені үшін алғыс білдірді.