Қоғамдық бақылаушылар Павлодар облысындағы референдум барысын бағалады

Қоғамдық бақылаушылар Павлодар облысындағы референдум барысын бағалады
Фото: Константин Шелков

Павлодардағы дауыс берушілердің қатысуы 71,51 пайызды құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Дауыс» аймақтық коалициясының жетекшісі Алмагүл Козбаеваның айтуынша, дауыс беру күні штаттан тыс оқиғаларсыщ және жоспарланғандай аяқталды.

Ол аймақта дауыс беру процесіне кеңінен мониторинг жүргізілгенін атап өтті.

- Бүгін 1500-ден астам бақылаушы сайлау учаскелерінде референдумды бақылады. Олар аймақ тұрғындарының жоғары қатысуын атап өтті. Көптеген сайлаушылар сайлау учаскелеріне жақсы көңіл-күймен келді, - деді ол.

Референдум күні бойы учаскелік комиссиялар ұйымдасқан және бірқалыпты жұмыс істеді, бақылау кезінде ешқандай бұзушылықтар анықталған жоқ.

520 сайлау учаскесі сағат 20:00-де толықтай жабылды.