Қаңтардың соңғы күні Павлодар облысында ашық болады
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы күндіз -7...-12°C-ты көрсетеді. Жауын-шашынсыз, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады.
Павлодарда ауа температурасы -9...-11 °C-қа дейін төмендейді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.