Қалқаманда ат тиелген тіркеме өртенді

Қалқаманда ат тиелген тіркеме өртенді
Фото: облыстық ТЖД

Мал аман қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

17 қаңтарда Қалқаман кентінің маңында ашық аумақта жүк көлігі мен оның ағаш тіркемесі жанып кетті. Тіркемеге 15 бас ат тиелді.

Оқиға орнына дереу өртке қарсы қызмет бөлімшелері бағытталды және жануды жедел түрде сөндірді.

Олардың үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер жоқ, үй малдары да аман.

Өрттің себептері анықталуда.

Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелеріне көлік құралдарын үнемі техникалық тексеру, электр сымдары мен отын шлангтарын уақтылы ауыстыру қажеттілігін еске салады. Сондай-ақ, автокөлікте жарамды өрт сөндіргіш болуы және көлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет екенін еске салады.