Қар аралас жаңбыр, тұман: Павлодар облысында ақпанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер қыстың соңғы айындағы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, айдың орташа температурасы -10,8...-14,2°С болады. Бұл нормадан бір градусқа жоғары.
Ақпанның бірінші онкүндігінде түнде -8...-13°С-тан -18...-23°С-қа дейін, күндіз 0...-5°С-тан -10...-15°С-қа дейін төмендейді. Одан әрі ауа температурасы түнде -25...-30°С, күндіз -17...-22°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.
Айдың екінші онкүндігінде түнде -25...-30°С-тан -10...-15°С-қа, ал күндіз -17...-22°С-тан -2...-7°С болады.
Ақпанның соңында сынап бағанасы түнде -15...-20°C, облыстың оңтүстігінде -10°С-тан -7...-12°С-қа дейін, күндіз -8...-13°С-тан -4...+1°С көрсетеді. Бір айда жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болады деп күтілуде.
Айдың басында, ортасында және соңында қар аралас жаңбыр жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады. Үшінші онкүндіктің басында көктайғақ, ал ортасында тұман болуы мүмкін.