Қараша айында павлодарлықтарды қандай қойылымдар күтеді

Қараша айында павлодарлықтарды қандай қойылымдар күтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры алдағы айдың репертуарын ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қарашалық театр маусымы айдың үшінші күні сағат Ерсайын Төлеубайдың «Кербез келіндер» атты комедиясынан бастау алады. Бұл қойылым сағат 17:00-де қойылады.

Өнер сүйер қауым 6 қараша күні сағат 16:00-де Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» драмасын, 8 қараша сағат 18:30-де Нұркен Тұрлыбектің «Есіңе мені алғайсың» музыкалы-поэтикалық кешін, 12 қараша сағат 18:30-да Александр Володиннің «Кездесу мен қоштасу» психологиялық драмасын, ал 14 қараша сағат 18:30-да Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» пластикалық драмасын тамашалай алады.

Театр қауымы айдың екінші жартысында қала тұрғындары мен қонақтарын 16 қараша сағат 17:00-де қойылатын Нұркен Тұрлыбектің «Шәмші» спектакль-концертімен, 26 қараша сағат 18:30-да және 27-28 қараша күндері сағат 12:00-де Сергей Левицкийдің «Джудит жасаған қиын таңдау» балалар мен ересектерге арналған спектакль-шоуымен, ал 30 қараша Людмила Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» психологиялық драмасымен қуантады.

Театрдың мекенжайы: Ломов көшесі, 140.

Телефон нөмірі: +7(7182)31-02-09.

Билеттерді +7(7182)62-27-57, +7(705)343-33-05 нөмірлері арқылы, кассадан немесе онлайн түрде Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.