Қаржылық қауіпсіздік: Павлодар облысы 2025 жылғы Ұлттық олимпиаданы қолдады

Қаржылық қауіпсіздік: Павлодар облысы 2025 жылғы Ұлттық олимпиаданы қолдады
Фото: Константин Шелков

Іс-шараға өңірдің үш жетекші жоғары оқу орындары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Естай атындағы мәдениет сарайында экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыруымен қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық Олимпиада-2025 шеңберінде ауқымды ағартушылық іс-шара өтті.

Олимпиада жастар арасында қаржылық-құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында тұрақты білімді қалыптастыруға және қаржылық сана мәдениетін дамытуға бағытталған.

Дроппер қызметі, қаржы пирамидалары және онлайн алаяқтық сияқты өткір мәселелерге ерекше назар аударылды. Іс-шараға қатысушылар алдаудың құрбаны болмау, тәуекелдерді уақытында тану және қаржылық мүдделерін қорғау туралы маңызды білім алды. 

– Экономикалық тергеу департаменті барлық қатысушыларға, оқытушылар мен білім беру мекемелеріне белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді. Алынған білім одан әрі профилактикалық жұмыс үшін берік негіз болады және маңызды ақпаратты халыққа тиімдірек жеткізуге мүмкіндік береді,  – дейді білім беру басқармасында.

Аталмыш іс-шараға өңірдің үш жетекші жоғары оқу орындарының – Павлодар педагогикалық университеті, «Toraighyrov University» және Инновациялық Еуразия университетінің студенттері, сондай-ақ, қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылық танытқан №5512 және №6679 әскери бөлімдердің мерзімді қызметінің әскери қызметшілері белсенді қатысты.

ZOOM платформасы арқылы онлайн-трансляцияның арқасында іс-шараға облыстың 40 колледжі қосылды, бұл өңірдің 2 800-ден астам студенті мен оқытушысын қамтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде талантты жастарды экономикалық тергеу органдарына қызметке кіруге тартуға бағытталған рекрутингтік жұмыс жүргізілді. Студенттер мен курсанттар мансаптық өсу мүмкіндіктері, қабылдау шарттары және қаржылық барлау қызметкерлері қатарындағы жұмыс ерекшеліктері туралы толық ақпарат алды.