Қазақстандық семсершілер Олимпиадаға тарихи лицензияны жеңіп алды
Семсерлесуден ерлер құрамасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан алғаш рет Олимпиада ойындарында толықтай өнер көрсетеді. Аталмыш ойындарға жолдаманы Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов және Вадим Шарлаимов жеңіп алды.
Ұлттық құрама рейтингте алғашқы төрттікке енуіне байланысты тікелей квота алған Жапонияны есептемегенде, Азияда бірінші болды.
Еске сала кетейік, үш жыл бұрын Токио Олимпиадасында Руслан Құрбановтың бір ғана жеке лицензиясы болған.