Павлодар облысында үстел теннисінен үздік ракетка шеберін анықтайды

Павлодар облысында үстел теннисінен үздік ракетка шеберін анықтайды

Шымкент, Астана, Алматы қалаларының спортшылары сынға түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, 20-25 ақпан күндері «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында 2005 жылы туған және одан жас спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. 

Командалық есепте, жеке, жұптық, аралас разрядтарда медальдар ұтысқа салынады. 

Еліміздің облыстарынан, атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан ракетка шеберлері келіп, үздікті анықтайды.