Қазан айында павлодарлықтарды жаңбыр аралас қар мен жылы ауа райы күтеді

Қазан айында павлодарлықтарды жаңбыр аралас қар мен жылы ауа райы күтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Болжам бойынша облыстың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, қазан айының басында күндіз ауа температурасы +21 градусқа дейін жылынып, түнде +7 градусқа дейін жетеді. Одан кейін күн суытып, түнде -5…-10 градусқа, күндіз +6…+11 градусқа дейін төмендейді.

Айдың ортасына қарай ауа температурасы қайта көтеріледі. Түнде -5…-10 градустан 0…+5 градусқа дейін, ал күндіз +13…+18 градусқа дейін жылынады.

20 қазаннан кейін түнгі температураның тұрақты түрде төмен болуы болжануда: -1…-6 градусқа дейін, ал күндіз +6…+11 градус шамасында болады. Қазан айының соңына дейін температура құбылып тұрады. Ай соңында түнде -3…-8 градусқа дейін суытып, күндіз +2…+7 градус болады.

Қазан айының ортасында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ қазан айында желдің жылдамдығы жиі секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде.