Қазанда Павлодар облысында қандай ауа райы болмақ?

Қазанда Павлодар облысында қандай ауа райы болмақ?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктер күз мезгілінің екінші айында күтілетін ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, бір айдағы орташа ауа температурасы +4,5 ...+ 5,6°С шамасында болады.

Қазанның басында түнде ауа температурасының +6...+11°С-тан -1...+4°С-қа дейін, күндіз +16...+21°С-тан, облыстың батысында +23°С-тан +5...+10°С-қа дейін төмендеуі күтілуде. Алғашқы онкүндіктің соңында сынап бағанасы түнде -3...+2°С, күндіз +9...+14°С, облыстың солтүстігінде түнде -6°С, ал күндіз +4°С-ты көрсетеді. 

Айдың ортасында ауа температурасы түнде -3...+ 2°С, күндіз +9...+ 14°С, облыстың солтүстігінде түнде -6°С, күндіз + 4°С болады. Онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде +2...+7°С, күндіз +14...+19°С, ал облыстың солтүстігінде +11°С-қа дейін көтерілуі күтіледі. 

Қазанның аяғында ауа температурасының түнде -7...-12°С-қа дейін, күндіз 0...+5°С-ке дейін, облыстың солтүстігінде -3°С-қа дейін төмендеуі болжанады. Ал онкүндіктің соңында түнде температура -2...-7°С-қа дейін, күндіз +7...+12°С-қа дейін көтеріледі.

Бір айда жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстік – шығыс жартысында нормадан, облыстың оңтүстік–батыс жартысында нормадан көп болады деп күтілуде (норма: 18-26 мм).

Ай бойы жаңбыр жауады. Көктайғақ айдың басы мен ортасында болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады. Қазанның басында күн күркіресе, айдың ортасы мен соңында тұман түседі.