Қызылордадан Павлодарға баратын республикалық жол жөнделуде

Қызылордадан Павлодарға баратын республикалық жол жөнделуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол жамылғысы ауыстырылып, оның сапасы артуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ мәліметінше,  «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 967-999 және 999-1003 шақырым аралығындағы учаскесінде ұзындығы 30 шақырымды құрайтын жол жөнделуде. 28 шақырымда жону жұмыстары жүргізілді, 26 шақырымда асфальтбетонның төменгі қабаты, 2,5 шақырымда жоғарғы қабаты төселіп, су өткізгіш құбырының құрылысы толығымен аяқталды.

Сондай-ақ, «Ақшатау-Ағадыр-Ортау-Қызылорда-Павлодар» автожолында жалпы ұзындығы 49,25 шақырым болатын (95-129 және 129-144 шақырым) екі учаскені жөндеу жоспарланған. 95-129 шақырым аралығындағы учаскесінде жерлерді тегістеу іріктеу 93% - ға орындалды және жону жұмыстары басталды.

Жалпы, барлық нысандарда 198 шақырымнан астам автожолдар жонылды, 172 шақырымнан астам асфальтбетон жабынының төменгі қабаты, 77 шақырымға жуық жоғарғы қабаты төселді. Су өткізгіштерді орнату, жерлерді тегістеу, шөгінділерді жою және аялдама павильондарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Атқарылып жатқан жұмыстар жол төсемінің сапасын едәуір арттыруға, оның пайдалану мерзімін ұзартуға, көліктің қауіпсіз және қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар үшін жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Барлық жөндеу іс-шаралары технологиялық нормалар мен сапа стандарттарын сақтай отырып, жоспарлы мерзімде орындалады.