Қоқыс тастаған павлодарлықтар бейнебақылау камераларына түсіп қалды

ЖБО операторлары тәулік бойы камераларды бақылайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, адамдар көп жиналатын жерлерде, сондай – ақ тұрғын үйлердің аулаларында және адамдар көп емес аллеяларда байқалмай қалуға болатын жерлерде орнатылған камералар тәулік бойы бақылауда болады.
– Дүкендердің бірінде жедел басқару орталығының камерасы темекі шегіп, темекі тұқылын белгісіз жерге тастаған ер адамдарды тіркеді, дегенмен ол жерде қоқыс жәшігі де болды. Оқиға орнына келген полицейлер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деді департаментте.
Тәртіп сақшылары кез-келген заң бұзушылықтар, соның ішінде жекелеген қала тұрғындары әлі де рұқсат етілген деп санайтын «ұсақ» заң бұзушылықтарды да назарында ұстайды.
Полиция темекі тұқылдары мен басқа да қоқыстарды ешкім байқамайды деп ойлап, тротуарға тастайтын тұрғындарды бейнетіркеу жүйесі жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретінін ескертеді.
Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 346-ға жуық құқық бұзушылықтың жолын кескен.