ҚР Энергетика вице-министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі
![ҚР Энергетика вице-министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202405/image_750x_664dbeaef27c5.jpg)
Ол Екібастұзға жұмыс сапарымен аттанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, 24 мамырда ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Павлодар облысының тұрғындарымен жүздеседі. Кездесу сағат 15:00-де Екібастұз қаласында М.Әуезов көшесі, 55/1 мекенжайындағы «Өнер» музыкалық мектебінде өтеді.
Облыс тұрғындары Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне өзінің жеке сұрақтарын қоя алады.