10 қарашада Павлодар облысында бұрқасын күтіледі

10 қарашада Павлодар облысында бұрқасын күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз ауа температурасы 0...-5°C, облыстың шығысында -8 °C-қа дейін төмендейді. Қар аралас жаңбыр жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодарда сынап бағанасы күндіз 0...+2 °C-ты көрсетеді. Бұлтты, жауын-шашын, көктайғақ болады.