Павлодар облысында жылдамдықты асырған 50 мыңнан астам жүргізуші анықталды

Павлодар облысында жылдамдықты асырған 50 мыңнан астам жүргізуші анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол ережесін бұзу деректері «ZEREK-2» автоматты кешені арқылы тіркелген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьяновтың айтуынша, жүйе көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын автоматты түрде өлшеп, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін таниды.

– Мәселен, Павлодар – Астана автожолында Toyota Land Cruiser Prado 150 автокөлігінің жүргізушісі сағатына 169 шақырым жылдамдықпен жүрген. Бұл жол учаскесінде рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық – 140 шақырым, – деді ведомствода.

Мамандардың айтуынша, жылдамдықты небәрі 10 шақырымға арттырудың өзі көліктің тоқтау қашықтығын ондаған метрге ұлғайтады.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жылдамдықты асыру өз өміріне ғана емес, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де қатер төндіретінін еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.