10 маусымда Павлодар облысында сынап бағанасы ...+35°C-қа дейін көтеріледі

10 маусымда Павлодар облысында сынап бағанасы ...+35°C-қа дейін көтеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрді құрайды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +16...+21°C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +30...+35°C-қа дейін көтеріледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +18...+20°C болады. Ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Күндіз +31...+33°C ыстық болады. Құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болжанады.