11 шілдеде Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады

11 шілдеде Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, кей жерде екіпіні 15-20 метрге де жетуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күркірейді, ал облыстың солтүстігінде қатты жауын, бұршақ, дауыл күтіледі. Сынап бағанасы күндіз +25...+30 °C-ты көрсетеді.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Ауа температурасы күндіз +27...+29 °C-қа дейін көтеріледі.