12 қыркүйекте Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі

12 қыркүйекте Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, ауа температурасы күндіз +12...+17 °C болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодарда сынап бағанасы күндіз +14...+16 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.