13 ақпанда Павлодар облысында аяз сақталады
Түнде өңірде ауа температурасы -24…-26 °C шамасында болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, көшпелі бұлттар байқалғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр аралығында.
Күндіз ауа температурасы -13…-15 °C деңгейінде сақталады. Көшпелі бұлтты аспан жауын-шашынсыз қалып, тұрғындарға салқын күн сыйлайды.