13 маусымда Павлодар облысында найзағай мен қатты жел күтіледі

13 маусымда Павлодар облысында найзағай мен қатты жел күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, 13 маусым түнде өңірде бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы +18...+20 градус шамасында болады.

Күндіз де ауа райы тұрақсыз болып қалады. Синоптиктердің болжамынша, бұлтты ауа райы, жаңбыр мен найзағай болжанады. Ауа температурасы +28...+30 градусқа дейін көтеріледі.