14 қыркүйекте Павлодар облысында аздаған жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні кей уақыттарда 23 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +10...+15°C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз ауа температурасы +20...+25°C-қа дейін көтеріледі. Аталған аймақтарда күндіз де аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +12...+14°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Күндіз +21...+23°C, ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда.