18 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады

Күн күркірейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды.
Температура түнде +19...+24, күндіз +34...+39 градус болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Сынап бағанасы түнде +19...+21, күндіз +35...+37 градус көрсетеді.