19 желтоқсанда Павлодар облысында көктайғақ, бұрқасын болады

19 желтоқсанда Павлодар облысында көктайғақ, бұрқасын болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, қар жауып, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде -7..-12, күндіз -1..-6 градус болады.

Павлодарда түнде -9-..11, күндіз -3...-5 градус күтіледі.