2 наурызда Павлодар облысында аздаған қар жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -28...-33°C дейін төмендейді. Ал облыстың оңтүстігінде -25°C, жауын-шашынсыз.
Күндіз -10...-15°C, облыстың оңтүстігінде -7°C. Батысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Желдің жылдамдығы күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.
Павлодар қаласында түнде -28...-30°C. Күндіз -10...-12°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады.