2 қазан күні Павлодар облысында жаңбыр күтіледі

2 қазан күні Павлодар облысында жаңбыр күтіледі
Фото: pixabay.com

Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік желінің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде +3...+8, күндіз +11...+16 градусты көрсетеді. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +4...+6, күндіз +14...+16 градусты құрайды.