2025 жылы Павлодар облысында тегін дәрі-дәрмекке қанша қаражат бөлінеді?

2025 жылы Павлодар облысында тегін дәрі-дәрмекке қанша қаражат бөлінеді?
Фото: pexels.com

Қаңтардан бастап «СК-Фармация» өз кестесіне сәйкес барлық медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ-ның облыс бойынша филиалының директоры Жангелді Шайымбетовтің сөзінше, биыл медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 13,5 миллиард теңге қаражат қарастырылған болса, 2025 жылы 14 миллиард теңге бөлінген. 

– Келесі жылға тегін дәрі-дәрмекті нақтылау 2024 жылдың ортасынан басталады. Өтінім құрастырылып, қандай дәрі-дәрмек, оның көлемі және науқастардың санына байланысты жоспарлайды. Оған сәйкес «СК-Фармация» дәрі-дәрмектерді сатып алады, – деді Жангелді Шайымбетов.

Оның айтуынша, тегін дәрі-дәрмектер бірінші қаңтардан бастап беріле бастайды.

Айта кетейік, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектердің тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Құжатта тегін қамтамасыз ету қарастырылған аурулар, сондай-ақ дәрі-дәрмектер тізімі келтірілген.