23 шілдеде Павлодар облысында найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі

23 шілдеде Павлодар облысында найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +16…+18 °C шамасында болады. Күн бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақыттарда жауын-шашын қатты болуы мүмкін. Найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.Күндіз ауа температурасы +24…+26 °C болады. Бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болуы ықтимал.

Павлодар облысында түнде ауа температурасы +15…+20 °C аралығында болады. Облыс аумағында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда жауын-шашын қатты болуы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғады. Күндіз ауа температурасы +22…+27 °C шамасында сақталады. Жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.