23 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын болады

23 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы -15...-20°C, солтүстігінде, шығысында -23 °C-қа дейін төмендейді. Қар мен бұрқасын күтіледі.

Павлодарда сынап бағанасы -17...-19 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, қар, бұрқасын болады.