24 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады

24 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күн бұлтты болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Күндіз солтүстікте, батыста және оңтүстікте екпіні 15-20, кей кездері 25 метрге дейін жетуі ықтимал.

Павлодар қаласында ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C болады.