26 тамызда Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы сақталады
Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9–14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидромет РМК мамандарының мәліметінше, сәрсенбіде Павлодар облысында ауа райы түнде +6…+11 °C дейін төмендейді. Ал күндіз +23…+28 °C дейін жылы болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік және шығыс аудандарда тұман болуы мүмкін.
Павлодар қаласында түнде сынап бағаны +9…+11 °C көрсетсе, күндіз +26…+28 °C дейін көтеріледі деп болжанады. Күн райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтілмейді.