27 мамырда Павлодар облысында күн ыстық болады
Күндіз сынап бағанасы ...+29°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +16...+17°C, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа +27...+29°C дейін жылынады.
Облыстың оңтүстік аудандарында күндіз ауа температурасы +29°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды.
Желдің жылдамдығы секундына 5-9 метр, күндіз оңтүстік-шығыстан екпіні 12-13 метрге дейін жетеді.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +16...+17°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +27...+28°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.