29 қаңтарда Павлодар облысында тұманды болады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы күндіз -7...-12 °C-қа дейін төмендейді. Ауа райы жауын-шашынсыз, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Павлодарда сынап бағанасы -8...-10 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, тұман күтіледі.