29 шілде күні Павлодар облысында ауа райы құбылмалы болады
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз кей аумақтарда екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +15...+20°C болады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Күндіз ауа температурасы ауа температурасы +27...+32°C-қа дейін көтеріледі. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай болып, жел күшеюі мүмкін. Жекелеген аумақтарда бұршақ түсу ықтималдығы бар.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +17...+19°C шамасында болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Күндіз ауа температурасы +28...+30°C болады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.