3 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +17...+22°C болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, дауылды жел соғады, кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі.
Күндіз ауа температурасы +28...+33°C. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болжанады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +18...+20°C. Аспан ала бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Күндіз сынап бағанасы +29...+31°C дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз болады.