Қарашаның басында Павлодар облысында қар жауады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 4 қараша боран, көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде қалың қар түседі. Сынап бағанасы түнде де, күндіз де -3...-8°С-ты көрсетеді.
5 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Ауа температурасы түнде -10...-15°С, ал күндіз -7...-12°С-қа дейін төмендейді.
6 қараша күні де қар жауады. Сынап бағанасы түнде -8...-13°С, ал күндіз -2...-7°С-ты көрсетеді.
7 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында қар, боран, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -8...-13°С, ал күндіз 0... -5°С-қа дейін төмендейді.
Сенбіде көктайғақ болады. Сынап бағанасы түнде -5...-10°С, облыстың шығысында -13, ал күндіз -3...+2°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -3...-8°С, ал күндіз 0...-5°С-қа дейін төмендейді.