30 қыркүйекте Павлодар облысында күн салқындайды

30 қыркүйекте Павлодар облысында күн салқындайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +1...+6°C болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында -2°C-қа дейін салқын түседі. Жауын-шашынсыз.

Күндіз ауа температурасы +15...+20°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +2...+4°C болады. Топырақ бетінде -1°C-қа дейін салқын болады. 

Күндіз ауа температурасы +18...+20°C болады. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.