4 ақпанда Павлодар облысында тұман болады
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды. Температура түнде -8...-13 градус, күндіз -3...-8 градус болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Сынап бағанасы түнде -9...-11, күндіз -4...-6 градус көрсетеді.