5 маусымда Павлодар облысында ыстық ауа райы сақталады
Күндіз ауа температурасы ...+34°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температура +15...+20°C, облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Күндіз сынап бағанасы +29...+34°C дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
Павлодар қаласында түнде +16...+18°C. Күндіз +31...+33°C. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз.