5 маусымда Павлодар облысында өрт қаупі сақталады

5 маусымда Павлодар облысында өрт қаупі сақталады
Фото: Константин Шелков

Павлодар облысында дүйсенбі күні қатты ыстық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, ҚР басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, солтүстік-батыста, күндіз ҚР оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағаймен жаңбыр жауады.

Күндіз Павлодар облысында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, өңірдің басым бөлігінде 35-39 градусқа дейін қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодарда да жоғары температура мен өрт қаупі болжанады.

Түнде температура +17...+22°C, күндіз + 34...+39°C дейін барады. Желдің жылдамдығы 9-14 м / с құрайды.