6 ақпанда Павлодар облысында тұман болады

Облыстың солтүстігінде, батысында аздаған қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, тұман түседі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде -15...-20 градус, күндіз -10...-15 градус болады.
Павлодар қаласында жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде -18...-20, күндіз -12...-14 көрсетеді.