6 мамырда Павлодар облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Сынап бағанасы күндіз ...+25°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +12...+14°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +23...+25°C дейін жылы болады. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 18 метрге дейін жетеді.
Ал Павлодарда түнде +10...+15°C. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай болады. Күндіз +22...+27°C дейін жылынады. Облыстың солтүстігінде +17°C. Солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.