7 маусымда Павлодар облысында төтенше өрт қаупі сақталады

7 маусымда Павлодар облысында төтенше өрт қаупі сақталады
Фото: Константин Шелков

Облыста ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, ҚР басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтілуде, осыған байланысты найзағаймен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Күндіз Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыс желі облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде температура +18...+23 °C, күндіз + 34...+39 °C дейін барады. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с құрайды.