8 наурызда Павлодар облысында боран, көктайғақ және тұман күтіледі
Жексенбіге қараған түні өңірде ауа температурасы –5 °C-ға дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман болуы мүмкін.
Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде түнде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді, ал күндіз кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы –3 °C-тан +2 °C-ға дейін болады. Жауын-шашын, боран және көктайғақ күтіледі, сондай-ақ кейбір аудандарда тұман болуы мүмкін.
Павлодар қаласында ауа температурасы түнде: –4…–6 °C-қа дейін төмендесе, күндіз: 0…–2 °C болады деп болжануда. Түнде және таңертең қар жаууы мүмкін.