Павлодар облысында өткізу бекетін жөндеу уақытында жүк тасымалы тоқтамайды

Павлодар облысында өткізу бекетін жөндеу уақытында жүк тасымалы тоқтамайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізушілер үшін балама бағыттар ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, сәуір айынан бастап Қазақстан-Ресей шекарасындағы Қосақ автомобиль өткізу бекетінде қайта жаңғырту жұмыстары басталды. 

Аталған жұмыстар өткізу бекетінің техникалық әлеуетін арттыруға және заманауи талаптарға сай қызмет көрсетуін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы кезеңде жүк қозғалысы, әсіресе тез бұзылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көкөніс, жеміс, жидек және басқа да өсімдік өнімдерінің үздіксіз жеткізілуі үшін тиісті шаралар қабылдануда.

Логистикалық процестерді оңтайландыру мақсатында, халықаралық мәртебеге ие, тәулік бойы жұмыс істейтін «Шарбақты» және екі жақты мәртебелі, күндізгі сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін аралығында қызмет көрсететін «Найза» автомобильдік өткізу пункттері арқылы балама маршруттарды пайдалану ұсынылады.