9 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жауады

9 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде +2..+7, күндіз +15...+20 градус болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде ауа +4...+6, күндіз +17....+19 градус көрсетеді.